Оңай олжаға кенелу мақсатында бойжеткен Өскеменнің аумағында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен, яғни «қойып кету» арқылы өткізуді және есеп айырысу әдісін қолма-қол ақшасыз шешкен.
- Ұстау кезінде күдіктінің пәтерінен 650 рет қолдану дозасына тең 200 грамнан артық психотроптық заттар алынды. Оның қара нарықтағы бағасы 2 млн. теңгенден артық соманы құрайды. Сондай-ақ есірткі дозаларын орауға және өлшеуге арналған құралдар тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығында «скорость» және «мефедрон» психотроптық заттарын жеткізумен айналысқан 21 жастағы қызды ұстады.
Абай облысындағы мектепте қазандық жарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:57
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Маңғыстау облысында жетім балалардың құқығын бұзған шенеунік сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Тұлға • Бүгін, 15:12
Алматы облысында монша өртенді
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Қылмыс • Бүгін, 14:12